McDonald's Жапонияда адамдарды тағы да жиіркендірді
Өткізілген тергеу қорытындылары бойынша, компания табылған ұзындығы шамамен 5 мм металл сынығы мейрамханада бургерлер үшін котлет қуыратын бұйымның бөлшегі болды деген тұжырымға келді.
Бұл соңғы уақытта Жапониядағы McDonald's компаниясына қатысты бірінші жанжал емес. Өткен аптада компания 2014 жылдың жазында Осака қаласындағы жылдам тамақтану жүйесі мейрамханаларының біріндегі фри картобының ішінен адамның тісі шыққанын мәлімдеді.
Бұған дейін McDonald's-тің Мисава қаласындағы (Аомори префектурасы) мейрамханаларында әзірленген тауық наггетстерінің ішінен пластмасса бөліктері табылған екі оқиға туралы белгілі. Бұл оқиғадан кейін компания тексеріс жүргізе бастады. Кейіннен бұл наггетстер компанияның Таиландтағы зауыттарының бірінде әзірленгені анықталған.