McDonald's Қазақстаннан біржола кететін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - McDonald's жылдам тамақтану желісі Қазақстандағы қызметін тоқтатып, басқа атаумен жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Food Solutions KZ ЖШС басқаратын McDonald's жылдам тамақтану бренді жұмысын тоқтатады.

«Оған себеп - ет жеткізудегі шектеулер. Жақын арада жаңа атаумен жылдам тамақтану мейрамханалары қайта ашылады. Ашылу мерзімі қосымша жарияланады», - деп хабарлады McDonald's Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, компания жаңа желінің жұмысына қатысты барлық сауалға жауап берілетініне сендіріп отыр.

«Жаңадан ашылатын мейрамханалар желісі келушілерге жоғары сапалы өнімдер, бай мәзір ұсынып, қонақжайлық танытады. Жедел тамақтану орындары жұмысын жоғары стандарттарға, құндылықтар мен бизнес принциптеріне сәйкес жалғастырады», - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін McDonald's жедел тағамдану желісінің Қазақстандағы жұмысын тоқтататынын хабарлаған едік.

Айта кетсек, елімізде McDonald's брендінің алғашқы мейрамханалары 2016 жылы ашылды.

McDonald's 24 мейрамханасы Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағандыда ашылып, онда 2000-ға жуық адам жұмыс істеді.


Фото: mcdonalds.kz


Соңғы жаңалықтар