McDonald's өз қызметкерлерін жаппай жұмыстан босатпақшы

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Тез тамақтану бағытындағы әлемдегі ірі мейрамханалар желісі – McDonald’s бірнеше күнге АҚШ-тағы кеңселерін жапты. Себебі өз қызметкерлеріне жаппай жұмыстан босату жүргізілетінін хабарламақшы, деп жазады ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.
None

Корпорацияның АҚШ-тағы корпоративтік қызметкерлері және шет мемлекеттердегі кейбір қызметкерлер компаниядағы жұмыс мәртебесі туралы мәлімет алғанша үйден жұмыс істейді.
Осы аптада McDonald's өз қызметкерлеріне кадрлық шешімдері туралы жариялайды. Бұл бұған дейін басталған ауқымды қайта құрылымдау науқанының бір бөлігі.

Айта кетейік, АҚШ-та еңбек нарығы тұрақты болып отырса да, жұмыстан босату көрсеткіші артып келеді. Ол негізінен пандемиядан кейін көптеген компаниялар тым көп жұмысшыларды жалдаған технологиялық секторда байқалуда. Соңғы айларда өз қызметшілерін босататынын жөнінде IBM, Microsoft, Amazon, Salesforce, Meta, Twitter және DoorDash жариялады.
Осы жылдың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 4,6% дейін көтерілуі мүмкін деп болжануда, бұл рецессиямен байланысты.
McDonald's-те 150 мыңнан астам қызметкер корпоративтік лауазымдарда жұмыс істейді. Олардың шамамен 70% АҚШ-тан тыс жерлерде еңбек етуде.
Компания өзінің жаһандық сатылымы 2022 жылы шамамен 11%, ал АҚШ-тағы сатылымы шамамен 6% өскенін хабарлады. Мейрамхананың жалпы маржасы 5% артты. Фаст-фуд алыбы өзінің соңғы жылдық есебінде кейбір сауда нүктелерін жеткілікті түрде басқарудағы қиындықтарын атап өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар
Референдум