McDonald’s фри картобының иісі бар әтір шығармақшы

АСТАНА. KAZINFORM – McDonald’s компаниясының Жапониядағы бөлімшесі фри картобының иісі бар әтірлер сериясын шығарады, деп хабарлайды ntv.ru. 

әтір
Фото: Pyxabay.com

«Біз картоп иісі аңқыған әтір шығардық», — деп жазды жылдам тамақтану мейрамханасы әлеуметтік желідегі парақашасына. Олар әтірдің хош иісі «Сіздің маңызды кездесуіңізге тамаша үйлеседі» деп сендірді. 

Жапониядағы компанияның филиалы әтірді үш нұсқада шығаратынын айтты. Олар: классикалық, кептірілген жапон өрігінің иісі бар және балдыр мен тұз сондай-ақ сарымсақ пен майонез, қара бұрыштың иісі аңқыған әтір болады.  

Жарнамаға сенсек, әтірдің құтысы классикалық үлгіде не болмаса фри картобын салатын қағаздан жасалған қорапша тәріздес болуы мүмкін. 

 

Соңғы жаңалықтар