Медбикелерге шариғат шәлісімен жүруге рұқсат берілді

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Сингапурдың Жұмысшылар партиясы саясаткерлерді мемлекеттік қызметкерлерге шариғат шәлісін жамылып жүруге салынған тыйымның күшін жоюды және шариғат шәлісін адамның кәсіби киім үлгісімен ұшстастыруға шақырды, деп хабарлайды muslim.kz.
None
None

«Жұмысшылар партиясы мұсылман жамағаты мен билік өкілдерінің диалог арқылы сындарлы келісімге қол жеткізетініне сенеді»,- деп мәлімдеді Сингапур парламентінің мүшесі Мұхаммед Файсал Әбдіманап.

«Талқылау ашық өтуі тиіс. Оған бірыңғай киім үлгісі қажет барлық мамандықтың өкілдері қатысып, өз ұйымдары мен мекемелерінде мұсылман әйелдердің шариғат шәлісімен жүруіне жағдай жасаудың мүмкіндіктерін қарастыруы керек»,- деді сөзін толықтырып.

Сингапурде жұмыс орнында шариғат шәлісімен жүруге тыйым салынған. Бұл тыйым барлық мемлекеттік қызметкерлерге, оның ішінде медбикелерге де қатысты. Жуырда өткен форумда сөз алған лектор медбике мұсылмандардың басындағы жағдай сөз қылды.

Жұмысшылар партиясының мүшелері елде діннің еркін насихатталғанын әрі мультимәдениеттің салтанат құрғанын қалайды. «Біз сан алуан құндылықтарды қадірлейміз. Бұл Сингапурдың өсіп-өркендеуіне үлес қосады»,- деді аталмыш партияның жастар қанатының жетекшісі Мұхаммед Файсал.

Мұсылмандар Сингапур халқының 15 пайызын құрайды. Соңғы жылдары бұл елде шариғат шәлісін жамылған әйелдердің қатары артқан.

Соңғы жаңалықтар