Медельин қаласы әлемдегі ең инновациялық шаһар атанды
АСТАНА. 2 наурыз. қазАқпарат - Қалалық жер институты коммерциялық емес ұйымының болжамы бойынша, колумбиялық Медельин шаһары Нью-Йорк, Тель-Авив секілді қалаларды шаң қаптырып, әлемнің ең инновациялық қаласы болып атанды, деп хабарлады ВВС-дің Орыс қызметі.
Бұған дейін Медельин қаласы есірткі картелінің орталығы ретінде танымал болды. Қазіргі кезде көлік инфрақұрылымы қаланың ерекшелігі болып табылады.
Аталмыш шаһарда жер үстіндегі екі метро және аспалы жол бар. Сол арқылы тұрғындар тез арада қаланың бір шеті - таулы аймақтан екінші шетіне әп-сәтте жетеді.