Медеу аудандық демалыс орталықтары балаларға мерекелік сый жасады

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматы қаласы Медеу аудандық демалыс орталықтары мен «Бәйтерек» демалыс орталығы және бірқатар жастар ұйымдары бірлесіп Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған мерекелік шара өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

60 жылдан бері тойланатын бұл атаулы күн балаларды қауіп-қатерден қорғау, денсаулық пен тәрбиеге баулу және олардың тәртібі мен білімге құштарлығын жүзеге асыруға бағытталған. Осыған байланысты, аталмыш демалыс орталықтары қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және «Қазақстанның жаңа таланттары» қоғамдық ұйымдарымен бірігіп мерекелік шара өткізді.

Республика сарайының алды - Абай алаңында басталған жиында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Мұстафин сөз сөйлеп, қатысушыларды мерейлі күнімен құттықтады. Сондай-ақ, дүние есігін енді ашып жатқан сәбилердің Туу туралы куәліктерін табыс етті. Жас таланттардың талабын шыңдау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтқан бұл мерекеде балалар үшін әр түрлі жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Шараның келесі бөлігі қалалық Орталық мәдениет және демалыс саябағында 8 сынып оқушылары арасында өткен баскетбол сайысымен жалғасты. Салтанат соңы «Бәйтерек» демалыс орталығында аула күнін өткізумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар