Медеу ауданы аумағындағы Болай тауы өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Медеу ауданында Болай тауы (Мохнатка) тауы отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу ауданы аумағындағы Болай тауы өртенді

Медеу ауданындағы Керей мен Жәнібек хандары көшелеріне жақын тауда өрт шыққаны туралы хабарлама 17:15-те келген.

«Шұғыл түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Оған 24 адам, 5 техника жұмылдырылды. Оның ішінде Іле Алатауы паркінің 15 қызметкері тартылды. Ауа райының желді болғанына қарамастан өрт 1 сағатқа жетпей сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау 1 гектар аумақты шарпыған.