Медеу мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы аумағында Алматы тұрғындары мен қонақтары тегін жүріп-тұрмақ

АЛМАТЫ. 29 ақпан. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматыда 5-сайланған қалалық мәслихаттың 3-сессиясында   «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағына кіру   төлемақысын  алып тастау туралы шешім қабылданды.

Медеу мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы аумағында Алматы тұрғындары мен қонақтары тегін жүріп-тұрмақ

Сессияда қалалық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Алтай Рахымбетов  «4-сайланған қалалық мәслихаттың 50-сессиясының 2011 жылғы 7-желтоқсандағы №492 «2012 жыла арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін пайдалануға төлемақы мөлшерлемелерін бекіту» туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Алтай Ерғазыұлының айтуынша, бұрын саябақ аумағында әрбір  көліктен 300 теңге көлемінде төлемақы алынатын болған. 7-қысқы Азия ойындары қарсаңында жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін  Медеу және Шымбұлақ спорт нысандарына келетін адамдар саны өсуде. Көлікті тұраққа қою ақылы болғандықтан қала тұрғындары тарапынан Медеу паркі аумағына кіргені үшін алынатын ақыны төлеуді алып тастау туралы көптеген өтініштер келіп түсуде. Алматы қаласының туристік әрекетін дамыту мақсатында нөлдік төлемақы мөлшерлемесін енгізу туралы  ұсынысқа  мәслихат депутаттары да бірауыздан қолдау көрсетті.