Медеу мұз айдыны алматылық ғашықтарға ерекше сый әзірлеуде
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең, 14 қаңтарда сағат 19.00-де «Медеу» спорт кешенінде «Medey Dream Fest» фестивалі өтеді.
Мұз айдыны басшылығы өнер кешіне орай Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін шоу-бағдарлама ұсынып отыр.
Сондай-ақ фестиваль барысында ғашықтар арасында түрлі караоке-байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаз болған жұптарға ерекше сыйлықтар табыс етілмек.
Айта кетер жайт, келушілер тек конькимен сырғанап қана қоймай, арнайы би қойылымына қатысып, отшашуды тамашалай алады.