Медеу мұз айдыны қысқы маусымын ашады
АЛМАТЫ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда биік тау шатқалындағы Медеу мұз айдыны қазан айының 10-ы күні қысқы маусымын ашады.
Дәстүр бойынша бұл күні Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін мұз айдынында жаппай конькимен сырғанау тегін.
Жаңартылған мұз айдыны сағат 10-нан 16.00-ге дейін ашық болады. Мұнда конькилерді жалға алуға болады.