«Медеу» мұз айдыны Универсиада ойындарына дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтетін Қысқы Универсиада ойындарының нысандары дүбірлі додаға дайын. Солардың бірі - «Медеу» мұз айдыны, деп хабарлайды 24.kz.

«Медеу» мұз айдыны Универсиада ойындарына дайын

Қысқы спортқа арналған ең ірі кешеннің сыйымдылығы 8300 көрерменге шақталған. Медеудің ерекшелігі - шатқалдағы қолайлы климат пен таза тау суы. Мұз айдынының ауқымы 10,5 мың шаршы метр. Мұнда коньки тебу, хоккей және мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өткізуге болады. 

1972 жылдан бастап «Медеуде» 120 әлемдік рекорд орнатылған. Содан бері мұз айдыны «рекордтар ұстаханасы» деп те аталады. Күрделі жөндеуден өткеннен кейін VII қысқы Азия ойындарында мұз айдыны жаңа келбетке ие болды. Бүгінде «Медеу» Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін конькимен сырғанауда ең танымал орын.