18:50, 14 Наурыз 2020 | GMT +5
Медеу мұз айдыны жабылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Медеу мұз айдыны келесі маусымға дейін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы кешен әкімшілігі Instagram парақшасында жазды.
«Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Өкінішке орай, біз Медеу мұз айдынында жаппай коньки тебудің тоқтатылатындығын жариялауға мәжбүрміз. Түсінгендеріңіз үшін рахмет», - деп жазды кешен әкімшілігі.
Сонымен қатар,мұз айдынының әкімшілігі Медеу мұз айдыны келесі маусымда, яғни қазан айының соңында ашылатындығын хабарлады.