«Медеу» мұз айдынында допты хоккейден турнир өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазанның 26-27 күндері Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында допты хоккейден турнир өтеді. Бұл күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін спорт нысанындағы 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары қарсаңындағы аясында ұйымдастрылып отырған сынақтық жарыс болмақ.

«Медеу» мұз айдынында допты хоккейден   турнир өтеді

Оған 3 рет Әлем Чемпионаттарына және Әлем Кубоктары матчтарына төрешілік еткен республикалық төрешілер алқасының төрағасы, халықаралық дәрежедегі төреші Вячеслав Ильин. Сонымен қатар жалпыодақтық рекорды әлі бұзылмаған (қарсыластар қақпасына 634 доп соққан) Евгений Агуреев пен Александр Ионкин, Борис Чехлыстов, Борис Казанцев сияқты әйгілі ардагер хоккейшілер қонақ ретінде шақырылып отыр.

«Медеу» МҚКК директоры Сабыржан Бектемісовтың айтуынша, спорт кешені бұл турнирге қатысушыларды қарсы алуға дайын. Онда қазанның 10-ында мұзда жаппай сырғанау маусымы ашылды. Бұл жарыс кезінде іс-шара атмосферасы Азиада атмосферасына жақындастырылады. Сондай-ақ жергілікті телеарналардың өкілдеріне халықаралық жарыстарды тікелей эфир режимінде трансляциялауға арналған германиялық жаңа құрылғыларды байқап көруге тамаша мүмкіндік жасалып отыр.