«Медеу» мұз айдынында Қазақстанның «Red Bull Crashed Ice» іріктеу туры өтеді

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыдағы «Медеу» жоғары таулы мұз айдынында 19 ақпанда Қазақстанның «Red Bull Crashed Ice» іріктеу туры өтеді.

«Медеу» мұз айдынында Қазақстанның «Red Bull Crashed Ice» іріктеу туры өтеді

Барлық қатысушылар 18 жасқа толған ҚР азаматтары болуы керек. Жарыс 2 кезеңнен тұрады. Қатысушылар әуелі жекелей уақытқа жарысу сынағынан өтеді. Келесі кезең де жекелей финалдық жүгіріс сайысына түседі.

Үздік 32 қатысушы 4 топқа бөлінеді. Іріктеу кезеңі мен ақтық кезеңі кедергілі жарыс жолында өтеді. Жарыс жеңімпазы 26 ақпанда Ресей астанасында өтетін Red Bull Crashed Ice-тың ақтық жарысына қатысады.