Медеуде 21-ші рет «Баспалдақ» жарысы өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қыркүйектің 13-де Алматыдағы Медеу шатқалында дәстүрлі «Баспалдақ» жарысы өтеді,

 Медеуде 21-ші рет «Баспалдақ» жарысы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Шараны қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық спорт түрлері  және жаппай дене сауықтыру клубы, «Вечерний Алматы» газеті ұйымдастырады.Сайыс биыл 21-ші рет өткізіледі.Жарысқа барлық жастағы тілек білдірушілер қатыса алады. Ұйымдастырушыларының айтуынша, сайыс 5 кезең бойынша өткізіледі.Оның ең ұзағы 841 баспалдақ.Оған 18-ден жоғары жастағылар жіберіледі.Сонымен қатар, шара барысында спорттың қол күрес, кір тасын көтеру, нысана көздеу, асық ату, турникке тартылу сынды түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.