Медеуде екінші бөгеттің құрылысы жоспарланған жоқ - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Медеуде екінші бөгеттің құрылысы жоспарланған жоқ. Бұл туралы бүгі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров мәлім етті.

Медеуде екінші бөгеттің құрылысы жоспарланған жоқ - ҚР ТЖМ

Ол Медеу шатқалындағы жағдай әрдайым бақылауда тұрғанын атап өтті.

«Негізгі қатер №6 көлінде болған. Бүгінде ТЖМ техникалық шаралары арқасында қауіп сейілді»,-деді вице-министр.

Осы орайда В. Петров Медеудегі бөгет барлық талаптарға сай екенін, оның көлемі 12,6 млн. текше метрді құрайтынын жеткізді.

«Сондықтан да қосымша бөгеттің құрылысы қарастырылып отырған жоқ. Бүгінде пайдаланылып отырған кез келген тасқынды бөгеп қалуға қауқарлы»,-деп түйді ол.