Медеуде Ресей жұлдыздарының концерті болды
МАТЫ. 30 тамыз. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше Алматыдағы Медеу мұз айдынында ресейлік МузТВ арнасының 15 жылдығына арналған концерт өтті.
Конститутция күні мен қала күніне құрметіне де арналған шараны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ашты. Қала әкімі өз сөзінде Ораза айының аяқталуымен, үш күндік Ораза айт мерекесімен және Конституция күнімен құттықтады. Сондай-ақ Алматы ТМД-лық танымал арна туған күнін атап өтіп отырған үшінші қала екендігіне тоқталып, алматылықтар үшін бұл үлкен мәртебе екендігін атап өтті.
Концертке Сергей Лазарев, Батырхан Шүкенов, Тимати, Анна Семенович, Дима Билан, Филипп Киркоров, Николай Басков, Шахзода, Митя Фомин, Томас Nevergreen, Анна Семенович, Елка, Анита Цой, Анжелика Агурбаш пен «Градусы», «А Студио» топтары қатысып, хитқа айналған туындыларын орындады. Концерт барысында бірнеше жыл бұрын тарап кеткен алматылық «Дуэт L» тобы сахнаға қайта шықты. Сонымен қатар Батырхан Шүкенов өзі құрамында өнер көрсеткен «А студио» тобымен бірге ән шырқады. Концертті белгілі тележүргізуші Лера Кудрявцеваның жүргізуі де кеш ажарын аша түсті.
Медеудің суық ауа-райына қарамастан мерекелік концерт 4 сағатқа созылды. Телеарнаны құттықтап, сүйікті әншілерін тыңдауға 15 мыңға жуық көрермен жиналды. «Концерт өте жоғары деңгейде өтті. Ресейлік әншілер алматылықтардың әнді, музыканы сүйетініне тағы да көз жеткізді»,- дейді МузТВ арнасының музыкалық директоры, жерлесіміз Арман Дәулетияров.