Медеуде төбелескендердің бірі қарсыласына балта сілтеді 

Төбелес
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде екі адамның төбелескен бейнежазбасы тарады. Қақтығысқа қатысушылардың бірінің қолында балта болған. 

Бейнежазбадан Медеу спорт кешені алдында екі адамның жанжалдасып, кейін біреуінің құлап түскенін көруге болады. Жақын маңайдағы адамдар төбелеске қатысқан адамның қолынан балтаны алып, жедел жәрдем шақыруға тырысқан.

Аталаған жағдайға байланысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

— Балта қолданылған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қақтығысқа қатысушы екі адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылар өзара таныс адамдар. Басқа жағдайлар белгіленеді, — деп хабарлады департамент баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда оқушы қыздар ер азаматты соққыға жығып, видеоға түсіргенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
telegram