«Медеудегі» жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

«Медеудегі» жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталады.

— Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады, — делінген Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Медеудегі» жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Сонымен қатар кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құрылады. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүгедектігі бар жандар үшін екі жеделсаты орнатылады.

«Медеудегі» жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

— Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр, — деп хабарлады әкімдік.

«Медеудегі» жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін «Медеу» мұз айдынын жаңғырту жұмыстары аясында жаңа жобалар жүзеге асырылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар