Медеудегі Мохнаткада ірі көшкін болды - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеудегі Мохнатка тауында ірі көшкін болды.

Медеудегі Мохнаткада ірі көшкін болды - Алматы

Медеу мұз айдынынан төмен, таудың шығыс тұсынан 25 мың текше метр топырақ көшті. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
«Салдарынан Кіші Алматы өзенінің аңғары бітеліп қалды. Қазіргі таңда апатты қалпына келтіру жұмыстары басталды. «Қазселденқорғау» мекемесінің 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Төтенше жағдай салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ.