Медеудегі өртті сөндіруге тікұшақ жіберілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеудегі өртті сөндіруге тікұшақ жіберілді
Кадр из видео

Өрттің видеосы WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жануда.

«Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан».

Сонымен қатар мәлім етілгендей, Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» тікұшағы шықты.