Медхат Қамбетов БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып Медхат Қамбетов тағайындалды.

Медхат Қамбетов
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ол 1974 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1997 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін, 2015 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Қалдығайты орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.

Әр жылдары білім беру саласында, аудандық мәдениет мекемелерінде еңбек етті.

2014-2017 жылдары облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры болды.

2017-2023 жылдары «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқарды.

2023-2024 жылдары Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Қазіргі лауазымға дейін БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сәкен Мырзақұловтың БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болғанын жазған едік.