Медиа-революция мен жаңа технологиялар біздің әлемді адам танымастай етіп өзгертті - Д. Назарбаева

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Медиа-революция мен жаңа технологиялар біздің әлемді адам танымастай етіп өзгертті.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумы барысында сөз сөйлеген Форумның Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді.

«Он бірінші рет ашылып отырған Еуразия медиа форумының назарында ауытқымас дәстүрге сай - қазіргі әлемнің басты оқиғалары және олардың бұқаралық ақпарат құралдары айнасында көрініс табуы болмақ. Бүгінгі әлем қарама-қайшы. Сондықтан да, біз Форумның күн тәртібіне Еуразия кеңістігін толғандыратын ең маңызды, ең өткір, ең кезек күттірмес мәселелерді қамтуға тырыстық: терроризм, Ауғанстаннан АҚШ әскерилерінің кетуінен болатын салдар, Таяу Шығыстағы гуманитарлық, саяси, әлеуметтік апаттар, Сириядағы азамат соғысы. Бұл қаралатын мәселенің бір жағы. Екінші жағынан - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, «жасыл» экономиканы белсенді ілгерілету қағидаттары, әлемдік энергетиканың жаңа бағыттары», - деп атап өтті Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар, ол БАҚ-ты дамыту перспективалары мен ХХІ ғасырдағы медиа-тренд мәселелері форум бағдарламасынан ерекше орын алатынын атап өтті. «Назар аударарлық дүние - осы жылдар ішінде біздің форумның тарихы жаһандық медиа-революциясының дамуымен бірге өсті. Соңғы 15-20 жылда спутниктік және кабельдік телевидениенің дамуымен, интернеттің, смартфонның, планшеттің кеңінен таралуымен қатар, медианарық адам мен қоғам өмірінде осыдан он жыл бұрынға қарағанда айтарлықтай рөл атқара бастады. Жалпы медиа-революция мен жаңа технологиялар біздің әлемді адам танымастай етіп өзгертті. Біздің көз алдымызда өзгеріп жатқан дүниелер, әлі де бізді таңдандырып келеді», - деді Д. Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар