Медиафорумда қазіргі заманғы журналистикадағы шынайылық мәселесі талқылануда

АЛМАТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы 8-ші Еуразиялық медиафорумда «Қазіргі заманғы журналистикадағы шынайылық мәселесі» арнайы мәжілісте жан-жақты талқыға түсуде,

Медиафорумда қазіргі заманғы журналистикадағы шынайылық мәселесі талқылануда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжілістің алғашқы бөлімі «Әл- Жазира Интернэшнл» телеарнасының Кавказдағы тілшісі Мэтью Коллинің модераторлығымен өтеді. Оған Ұлыбританияның «Independent» газетінің Мәскеудегі тілшісі Шон Уокер, «Aspect Consulting» серіктесінен Патрик Уормс (Бельгия), АҚШ-тың Монтана штатындағы мемлекеттік университеттің саясаттану адъюнкт-профессоры Томас Гольц, «Russia Today» телеарнасы бас редакторының орынбасары Алексей Николов, «Еуроньюс» телеарнасының директоры әрі президенті Филипп Кайла (Франция), «Русский Ньюсуик» журналының шолушысы Орхан Жамал (Ресей) спикер ретінде қатысуда. М. Колиннің айтуынша, мәжілістің бұл бөлімі Оңтүстік Осетияға арналып отыр. Онда Кавказдағы соғыс туралы ақпараттық жарияланымдардың басты ерекшелігі неде? Журналистердің басты дерек көздері қандай және олар қаншалықты сенімді әрі тәуелсіз болды? Осы ақпараттық текетіресте белсенді түрде ат салысқан батыстық PR ?компаниялар міндеттерін қаншалықты орындай алды? Оңтүстік Осетиядағы қақтығыс туралы обьективті емес ақпарат таратқан халықаралық ақпарат құралдарының бұл әрекетін сәтсіздік деп атауға бола ма? Бұл оқиғадан ақпарат құралдары қандай сабақ алуы тиіс және болашақта мұндай жағдай қайталанбас үшін не істеу керек? деген сауалдарға жауап ізделмек.