Медиамагнат Руперт Мердок Абрамовичтің бұрынғы қайын енесіне үйленді
АСТАНА. KAZINFORM – Медиамагнат Руперт Мердок бесінші рет үйленді. Оның бесінші әйелі – ресейлік зейнеттегі микробиолог, Роман Абрамовичтің бұрынғы әйелі Дарья Жукованың анасы Елена Жукова, деп хабарлайды ВВС.
93 жастағы медиамагнат пен 67 жастағы ресейлік ғалым әйелдің үйлену тойы Калифорниядағы Мердоктың жүзімдігінде өтті.
Олардың кездесіп жүргені туралы қауесет 2023 жылы аустралиялық медиамагнат бұрынғы полиция капелланы Энн Лесли Смитпен атастыруын тоқтатқаннан кейін көп ұзамай шықты.
Алты баласы бар аустралиялық миллиардер Руперт Мердок – Fox News, Wall Street Journal, Sun және Times-қа иелік ететін News Corporation компаниясының құрметті төрағасы.
Ол өткен жылы Fox and News Corp төрағасы қызметінен кетіп, ұлы Лакланды екі компанияның басшысы етті.