Медиамагнат Руперт Мердок пен актриса Джерри Холл таяуда үйлену тойы болатынын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Руперт Мердок және Джерри Холл жақын арада той болатынын жариялады. Бұл туралы ақпарат Мердоктың News Corporation компаниясына кіретін Times газетінде жарияланды.
Бұл 84 жастағы бизнесмен үшін төртінші және 59 жастағы Холл үшін бірінші неке болмақ. Холл көп жылдар бойы Rolling Stones әншісі Мик Джаггермен бірге тұрған.
Австралияда дүниеге келіп америкалық азаматтықты алған Мердок өзінің үшінші әйелі Венди Денгпен 2013 жылы ажырасқан. Ол өзінің күйеуінен 38 жасқа кіші болған еді.