Медианарықтағы өнімдердің қазақстандық сегменті ұлғая түседі

деп хабарлады pm.kz сайты.
«Мемлекеттің қолдауының және Инновациялық технологиялар паркінің көмегінің арқасында, біз, басқа да көптеген новаторлар сияқты, өз жобамызды жүзеге асыра алдық. Инновациялық дамуға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған шаралар жақын арада сапалы өнімдер түрінде өз жемісін береді және әлемдік нарыққа шығуға жағдай жасайды деген сенімдеміз»,- дейді «KCG» ЖШС-нің тең құрылтайшысы Ернар Құрмашев.
«KCG» компаниясы киноиндустрия үшін компьютерлік графика мен визуальдық эффект амалдарын жасайды. Компания Инновациялық технологиялар паркімен ынтымақтаса отырып, студияны Vicon Motion Systems сандық 3D-жабдығымен жарақтады.
Бұл техника нақты уақыт режимінде кейіпкерлер мен нысандардың 3D-анимациясын жасауда қолданылады және кино мен анимация өндірісінің әлемдік тәжірибесінде кең тараған.
«Vicon Motion Systems технологиясы Орталық Азияда жоқ, мұндай технология тек Мәскеуде бар. Осы фактор әлемдік киностудиялар үшін осынау инновациялық технологияның көмегімен жасалған өнімдердің тартымдылығын арттырады және Қазақстанда тапсырыстар орналастыруға қолдау болады»,- дейді жоба жетекшісі Ернар Құрмашев.
Сапалы 3D-өнімін шығару мүмкіндігімен қоса, бұл жоба медиа-нарықтағы қазақстандық сегментті ұлғайтады, оның сыртқы нарыққа шығуына мүмкіндік береді.
Айта кету керек, «KCG» компаниясы «Балалық шағымның аспаны», «Сталинге сыйлық», «А»-ға оралу» сияқты танымал қазақстандық үш фильмнің өндірісіне атсалысты.