Медицина бойынша Нобельдік сыйлық-2009 АҚШ-тың ғалымдарына берілді
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Медицина және физиология салаларындағы 2009 жылғы Нобельдік сыйлық иегерлері АҚШ-тың ғалымдары - АҚШ-та жұмыс істейтін австралиялық әйел Элизабет Блекберн (Elizabeth Blackburn), американдық әйел Кэрол Грейдер (Carol Greider), сондай-ақ оның отандасы Джек Шостак (Jack Szostack) ие болды. Бұл жөнінде Стокгольмде Каролин медицина институты жанындағы Нобельдік комитет жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Сыйлық ғалымдарға «хромосомдардың теломерлермен және теломераздар ферменттерімен қалай қорғанатындығын ашқаны үшін» берілді.
Нобельдік сыйлық 10 млн. швед кронын (бір миллион еуроға жуық) құрайды. Бұл сома үш лауреат арасында тең бөлінетін болады.