Медицина саласы бойынша 2010 жылғы Нобельдік сыйлықты британдық физиолог Р.Эдвардс алды

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Физиология және медицина саласы бойынша 2010 жылғы Нобельдік сыйлықты британдық физиолог Роберт Эдвардс алды.
None
None

Бұл туралы Нобельдік комитеттің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап РБК агенттігі хабарлап отыр.

Сыйлық «экстракорпоральды ұрықтандыру әдісін ойлап тапқаны үшін» беріліп отыр. Лауреат 10 миллион швед кроны (1,49 миллион доллар) көлемінде ақшалай сыйлық алады.

Нобельдік апталық осымен 109-шы рет ашылып отыр.

Соңғы жаңалықтар