Медициналық айықтырғыштардың жоқтығы қылмыстық жағдайға әсер етпейді - Б.Қожахметов

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы еліміздегі медициналық айықтырғыштарға 188 мың 805 адам жеткізілді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдерді уақытша оқшаулау және оңалту орындарын Білім және ғылым министрлігіне, ал медициналық айықтырғыштарды Денсаулық сақтау министрлігіне беру бойынша талқылаулар Үкімет деңгейінде жалғасуда, яғни аталған мәселе әлі түбегейлі шешілген жоқ. Б Қожахметовтың айтуынша, бүгінде еліміздің аймағында бірде-бір айықтырғыш жоқ аймақтар бар. «Алайда бұл аймақтағы қылмыстық жағдайға ешқандай да әсерін тигізіп отырған жоқ», дейді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар