Медициналық мобильді топтардың атқаратын жұмысы қандай
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен елдегі барлық емханада мобильді топ құрылды.
«Мобильді топтардың негізгі міндеті – респираторлық ауруы бар науқастарды, пневмония және коронавирус инфекциясына күдікті науқастарға қызмет көрсету. Мобильді топтың құрамында учаскелік дәрігер, акушер, фельдшер, әлеуметтік қызметкерлер бар. Бір эпидемиологиялық жағдайға байланысты 5 мың тұрғынға 1 мобильді топ құрылады. Біздің емханамызда 27 мыңдай науқас тіркелген. Сондықтан 5 мобильді топ құрылған. Олар науқасты қашықтан қабылдап, ем жүргізеді. Сонымен қатар, қажеттілігіне қатысты тегін дәрілермен қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда ПТР тестілеуге тағайындайды. Одан бөлек, науқаста аурудың ауыр өтуіне байланысты тегін компьютерлік томографияға жіберіледі», – дейді Меруерт Көшенова.
Сонымен қатар, ол мобильді топтар науқас үй жағдайында қаншалықты оқшаулана алатынына мән беретінін атап өтті. Егер науқастың оқшаулануға жағдайы болмаса, инфекциялық стационарға жіберіледі. Науқастың жағдайы жеңіл дәрежелі және үй карантинін сақтауға қолайлы болса, үйінде ем қабылдай береді.