Медициналық пойыздар дәрігерлері Қазақстанның шалғай аудандарының тұрғындарына тегін көмек көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық пойыздар мамырдан тамыз айына дейінгі аралықта Қазақстанның ең шалғай аудандарында болады., мамандар тегін кеңес береді, сондай-ақ 18 дәрігерлік мамандықтар бойынша диагностика өткізеді.
«Пойызда заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтары, шағын-операциялық бөлме, Ғаламтор мен телекоммуникация құралдарына қосылған зертхана бар. Медициналық бригада құрамында жоғары білікті дәрігерлер, тераптевт, педиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын көмекей ауруларының маманы, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тiс дәрiгерi бар.
«Самұрық - Қазына» АҚ компаниялар тобы мен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтiк жобалар дамыту қоры қолдауымен «Медицина пойызы» мына бағыттарда жолға шығады: солтүстік аймақта «Саламатты Қазақстан» 10 мамырдан бастап 2016 жылдың 11 шілдеге дейін; батыс аймақта «Жәрдем» 23 мамырдан бастап 2016 жылдың 25 шілдеге дейін; оңтүстік аймақта «Денсаулық» 10 маусымнан бастап 2016 жылдың 11 тамызға дейін сапарда болады. «Саламатты Қазақстан» пойызының бірiншi рейсі Қарағанды стансасынан 2016 жылдың 10 мамырында сағат 10.15-да аттанады. .
Осы жоба 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында 2010 жылдан 2015 жылға дейiн медициналық пойыз 929 мыңнан астам стансаларды қамтып, 280 мыңнан астам адамға медициналық білікті көмек көрсетті.