Медициналық сақтандыру қоры басшылардың сыйақысына қатысты түсінік берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медициналық сақтандыру қоры басшылардың сыйақысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылғы қаржылық есептілікте Басқарма Төрағасы мен оның орынбасарлары құрамындағы басқарушы персоналға сыйақы үшін төленген 76 762 мың теңге сомасындағы шығыстар көрсетілгенін хабарлайды (4 адам).
Бұл шығыстарға 2019 жылғы ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жалақы, төленетін демалыс, сыйлықақы, еңбекке жарамсыздық төлемдері кіретіні туралы айта кету керек.
Бұл ретте төленген сыйлықақылар ҚР Үкіметінің 02.12.2014 жылғы № 1266 қаулысымен белгіленген мөлшерден аспайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ӘМСҚ сайтында және ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет ресурсында ресми жариялануға жататын қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізетінін естеріңізге саламыз.