Медициналық сақтандыру қорына түскен қаражат 47 млрд теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың ақпан айында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 9 млрд тенгеден астам жарна түсті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Медициналық сақтандыру қорына түскен қаражат 47 млрд теңгені құрады

«Жүйе іске қосылған былтырғы жылдың шілдесінен бастап сақтандыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын тұлғалар төлей бастаған болатын. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 28 ақпаны аралығында түскен соманың жалпы көлемі 47 млрд теңгені құрап отыр» , -делінген баспасөз баянында.
null 

Аталған қаражаттың 39 млрд теңгесі немесе 83 пайызға жуығы жұмыс берушілердің өз қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8 млрд теңге (17 пайызға жуық) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, сақтандыру төлемдерін төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
null null 

Фото: 24.kz