Медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлыққа қатысты фактілерді WhatsApp арқылы хабарлауға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы жылдың 1-30 қазаны аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы хабарламасына сілтеме жасап.

Медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлыққа қатысты фактілерді  WhatsApp арқылы хабарлауға болады

«Талданып отырған сала тұрғындар үшін өзекті екендігін ескере отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлар мен ақпараттарды b.aitbaev@anticorruption.gov.kz, tolybekov.n@anticorruption.gov.kz электронды поштасына және 8-778-672-44-01 WhatsApp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады», - деп атап өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болсаңыз, сіз 1424 тәулік бойы байланыс орталығына хабарласа аласыз.