Медициналық сақтандыру жүйесі: Жеке клиникаларда тегін емделуге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - МӘМС жүйесі бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын, яғни емхананы еркін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ереже жеке клиникаларға да қолданылады. Тек бір ғана шарт – клиника Қормен келісімшартқа отырған қызмет жеткізуші болуы және МӘМС бойынша қызметтер көрсетуі шарт. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорға сілтеме жасап хабарлайды.

Медициналық сақтандыру жүйесі: Жеке клиникаларда тегін емделуге болады

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері сұранысқа ие КТ, МРТ, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, консультациялық-диагностикалық қызметтер, т.б. (пациенттің ақысыз тексерілуі, емделуі, дәрігер мен бейінді маманның кеңесі, консультациялық-диагностикалық қызметтер, оқалту қызметтер, т.б.) медициналық қызмет түрлерін барлық азаматтардың алу мүмкіндігі артты.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылы медициналық қызмет көрсету үшін Медициналық сақтандыру қорымен 107 қызмет жеткізуші медициналық ұйым келісімшарт жасады, олардың 32-і – мемлекеттік, 67-сі – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымдары. ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін қызмет жеткізушілердің тізімін Қордың ресми сайтынан табуға болады» - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

МӘМС бойынша мемлекеттік медицина ұйымдарында да, жекеменшік медицина орталықтарында да қызмет көрсетіледі.