Медициналық сақтандыру жүйесінде ынталандыру шараларын да қарастырамыз - Бахмутова

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Елена Баxмутованың айтуынша, болашақта жаңа медициналық сақтандыру жүйесі аясында сыйақы тағайындау мәселесін қарастыруға болады. Дегенмен, алдымен ол жүйені іс жүзінде қолға алу қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық сақтандыру жүйесінде ынталандыру шараларын да қарастырамыз  - Бахмутова

«Иә, жақында ғана сенаторларымыз да әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында сыйақы белгілеу мәселесін көтерген болатын. Әрине, «қамшыдан бөлек тоқаш та» болса xалық белсенділігі арта түседі. Алдымен ол жүйенің кезең-кезеңмен енгізілетіні жайында айту қажет. Ал тарифтер мен жарналар біртіндеп көтеріледі. Заң бойынша төлемақының көлемі бірден көтерілмейді. Жүйе толығымен іске қосылғанша кем дегенде бес жыл кетеді, яғни 2022 жылға дейін жарналар бірте-бірте көтеріледі. Сөйтіп, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске асып, xалық оған әбден үйренген кезде ынталандыру шараларын да ойластыруға болады. Алайда ол кездің өзінде әлемдік тәжірибені, соның ішінде Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесін зерделеп шығу қажет», - деді қор басшысы журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 2019 жылдан бастап жұмысшылар өз жалақысының 1 пайызын қорға аударады. 2020 жылда аталған көрсеткіш 2 пайызға дейін көтеріледі. Ал жұмыс берушілердің жарнасы бас кезінде 1 пайызды құраса, 2022 жылға қарай 3 пайызға дейін көтеріледі.