Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында қағаз жүзінде есеп жүргізілуі жойылды

Осы орайда медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарында төмендегі құжаттардың электрондық түрде енгізілуі қарастырылған:
- «Дәрігерлерді үйге шақыртуды жазу кітабы» 031/е құжаты;
- «Емханада (амбулаторияда), диспансерде, консультацияда және үйде науқастарды қарауды есепке алу тізімдемесі» 039/е құжаты;
- «Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны» 057/е құжаты;
- «Амбулаториялық науқастарды тіркеу журналы» 278/е құжаты.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жүзінде қолмен толтыру қажет емес. Компьютерлерлік техникамен жабдықталуы ескеріліп, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы есеп қағаздарын толығымен электрондық құжатайналымына көшіру жоспарлануда.
Ауылдық амбулаториялық-емханалық ұйымдар бастапқы есеп нысандарын электрондық түрде жүргізілуіне 2017 жылғы 1 қаңтар айынан бастап көшеді.
Электрондық құжат айналымына өту үрдісі қосымша қаржыны қажет етпейді, бірақ медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін қаражат керек. Электрондық құжат айналымына көшу есептік құжаттаманы жүргізуде медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға және оларға емделушілерді қабылдау мен қарау үшін көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.