Медициналық шприцті алмастыратын құрылғы жасап шығарылды
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресейлік және америкалық ғалымдар болашақта медициналық шприцті алмастыратын шағын инесі бар пластырь жасап шығарды.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Қан алу үшін аппликаторды теріге қойып, 15 минут ұстап тұрса жеткілікті. Бұл процедура ауыртпайды, қан шығармайды және ешқандай іздер де қалмайды.
Келесі жылы клиникалық зерттеулер басталады деп күтілуде.