Медициналық ұйымдарда тегін дәрілердің бар-жоғын қалай білуге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Диспансерлік пациенттер тегін берілетін дәрі-дәрмектердің дәріханаларда бар-жоғын, олардың қашан жеткізілетінін, мемлекеттік сатып алудың жүргізілгенін, не жүргізілмегенін ендігіде онлайн режімде көріп отыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Медициналық ұйымдарда тегін дәрілердің бар-жоғын қалай білуге болады

Мәлім етілгендей, онлайн режімдегі ақпаратты Бірыңғай дистрибьютор сайтының «2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат» бөлімінен мына сілтеме бойынша: https://www.sk-pharmacy.kz/rus/press-centr/zakup_ls_i_imn_na_2018_god_rus/ табуға болады.

«СҚ-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде пациенттер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана ұйымдарында оның бар-жоғына қатысты барлық ақпартты таба алады.

«Науқастар үшін өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және оның дәріханаға келген-келмегенін білу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл деректерді ашық жариялау туралы шешім қабылданды», - дейді Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма төрағасының  міндетін атқарушы Шария Исмуханова.

Сонымен қатар көрсетілген шұғыл байланыс телефондарына қоңырау шалу арқылы қажетті препараттың белгілі бір өңірге қашан жөнелтілетіні туралы ақпаратты алуға болады.