Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері өңірлерде фармацевтикалық қызметтің субьектілері және өндірушілері арасында меморандумдар жасауда
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылғы 12 желтоқсанда халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау, халықтың дәрілік заттарға экономикалық қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар айналысы саласындағы кәсіби қауымдастықтармен дәрілік заттар бағаларының өсуін ұстауға бағытталған және дәрілік заттардың 200 атауының нақты бағасын белгілейтін Меморандумға қол қойғаны белгілі (бұдан әрі - Тізім).
Енді осындай шара өңірлерде жалғасып, Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін фармацевтикалық қызметтің субьектілері және өндірушілері арасында Меморандум жасалуда, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Меморандум шарттарын түсіндіру және Тізімге кірмеген дәрілік заттарды босату кезінде белгіленген бағаның өсуін болдырмау үшін фармацевтикалық қауымдастықтармен кездесулер жүргізілуде.
Атап айтқанда, Комитеттің аумақтық бөлімшелері тарапынан барлық дәріханалардың жоғарыда көрсетілген Тізімді халыққа көрінетін жерге іліп қоюы бақылауға алынды.
Бүгінгі күнге дейін Комитет департаменттері, көтерме және бөлшек сауда жүйесінің субьектілері, Алматы қаласы, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері арасында мемарандумға қол қойылды.
Басқа өңірлерде Меморандум жобалары қол қоюға дайындалып жатыр.