17:29, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы болып Бейсен Назарбек тағайындалды.
Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды. «Бұған дейін ол Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған», делінген таратылған хабарламада. Ал Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Арман Айдарханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.