Медициналық жоғары оқу орындары білім берудің мемлекеттік бағдарламасымен қатар, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дамиды - Б. Жұмағұлов

АТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Медициналық жоғары оқу орындары Білім берудің мемлекеттік бағдарламасымен қатар, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дамиды.
None
None

Бұл екі бағдарлама медициналық білім мен ғылымды жаңғырту үшін үлкен міндеттер жүктейді. Бұл туралы бүгін Алматыда С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де өткен конференцияда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта басқарудың және кадрлар даярлау жүйесін қаржыландырудың жаңа принциптері енгізіледі. «Материалдық-техникалық база жаңартылады, әлемдік стандарттарға сәйкес оқу-клиникалық орталықтар мен лабораториялар жаңа құралдармен жабдықталады. Үздік шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, білім бағдарламалары жетіледі. Ғылым саласындағы мультиорталықта жүргізілетін, оның ішінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен бірлескен зерттеулерге қолдау көрсетіледі. Ғылыми кадрларды даярлау, оның ішінде магистратура мен PhD докторантура шеңберінде даярлау халықаралық деңгейге көтеріледі. Тағлымдамадан өту үшін жастар мен болашағы бар ғалымдарды шетелге жіберуге және әлемге танымал ғалымдарды шақыруға көп көңіл бөлінетін болады. Бұлардың барлығы денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған», - деді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, бұл әлеует медициналық жоғары оқу орындарында, алдымен, көш басында тұрған С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде жасалатын болады. «Сондықтан, бұл университеттің болашағы зор және оның дамуына жан-жақты қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті ол конференция барысында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум