Медицинаның жекеменшік нарығында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар ғылыми-практикалық конференцияда бас қоспақ

СТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылғы қарашаның 5-і күні Астанада «Медициналық ассистент және Қазақстанның жекеменшік медицинасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
None
None

Конференция барысында жекеменшік медицинаның кеңестік кезеңнен кейінгі даму қарқыны, сақтандыру мен медициналық нарықты жылжытуда ассистант-компаниялардың рөлі талқыланатын болады.

Сондай-ақ, далалы жерлерде, мысалға мұнай-газ саласының шалғайдағы вахталық кенттерінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, өндірісте аурулар мен жарақаттанулардың алдын алу, медициналық сақтандыруды дамытудың болашағы, ауруларды емдеу және диагностикалауға жаңа технолгияларды ендіру, ерікті медициналық сақтандыру тақырыптары көтерілмек.

Сонымен бірге шара аясында медицина бойынша ең үздік ғылыми-зерттеу мақаласына байқау жарияланды. Жеңімпаздарды қомақты қаржылай сыйлықтар күтіп тұр.

Конференцияны ұйымдастырушы - «Медикер» медициналық сервистік компаниясы.

Соңғы жаңалықтар