17:29, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Медиктер тұмаудың жаңа вирусы пайда болуы мүмкін деп қауіптенеді
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат. Медиктер «доңыз» тұмауы мен «құс» тұмауының будандасуы негізінде вирустың жаңа түрі пайда болады деп қауіптенеді және барлық өзгерістерді мұхият бақылап отыр,
деп хабарлаған журналистерге РФ Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко, деп хабарлайды «Новости» агенттігі.
«Біз оларды аса зер сала бақылап отырмыз», деген ол дүйсенбі күні баспасөз конференциясында. «Шошқа» тұмауының вирусы аса құбылмалы.
Онищенко A/Н1N1 вирусы бүгінде шошқа, адам және құс тұмауының қоспасы екендігін айтқан. Егер бұлардың бәрі бірігіп кетсе, жақсылыққа апармайды. Дегенмен, бақытқа қарай, әзірге мұндай жағдай жоқ», деген Н. Онищенко.