Мединедегі ең үлкен мешіт үш есе үлкейтіледі
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - СаудАрабиясының королі Абдулла Мединедегі әл-Масжид әл-Набауи мешітін кеңейту жобасын бастауға бұйрық берді. Бұл туралы саудтық SPA ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, Лента.ру хабарлайды.
Кеңейту нәтижесінде мешіт 1,6 миллион адамды қабалдай алады, яғни 3 есеге жуық үлкейеді деп жоспарлануда.
Жұмыстар қанша уақытқа созылатыны және қанша қаражат жұмсалатыны әзірге белгісіз, алайда мешіт айналасындағы жерді сатып алудың өзіне 6,6 млрд. доллар кетеді деп есептеліп отыр. «Әл-Арабияның» мәлімдеуінше, жоба үш кезең бойынша жүргізіледі. Алдын ала мәлімет бойынша, бірінші кезеңнен кейін мешітке 800 мың адам сыяды, ал екінші және үшінші кезеңдерден соң, тағы да осынша адам сыятындай болады деп жоспарлануда.
Әл-Масжид әл-Набауи мешіті Исламда Меккедегі Масжид әл-Һарам мешітінен кейінгі екінші қасиетті мешіт деп саналады. Бұл мешіттің негізі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың кезінде, нақтырақ айтсақ, 622 жылы қалаған. Содан бері мешіт аумағы бірнеше рет кеңейтілген, қазір ол 400 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Мешіттің аумағында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың зираты бар.
Осы жылдың басында Сауд Арабиясы Қағба орналасқан Масжид әл-Һарам мешітін кеңейтуді қолға алған болатын. Бұл жобаның құны 21,33 млрд. доллар болды. Осы жобадан кейін мешіттің сыйымдылығы 1,5 млн. адамға дейін жетуі тиіс.