Мединедегі Пайғамбар мешіті жанындағы жарылыстан 4 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пайғамбар мешіті кешенінің алдындағы көлік тұрағында жанкешті жарылғышты іске қосып, соның салдарынан төрт күзетші қаза тауып, бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға дүйсенбі кешке қарай қажылыққа барған мыңдаған адам кешкі намазға бет алғанда болған. Пайғамбар мешіті (Масджид ан-Набави) - Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) жерленген мұсылмандар үшін қасиетті орын. Медина - ислам үшін Меккеден кейінгі маңызды қала.
Саудия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күзетшілердің күдігін тудырған жанкешті жарылғышты іске қосқан.