«Медициналық көмекті алысқа бармай, ауылдан аламыз»: БҚО-да кезекті дәрігерлік амбулатория ашылды

 ОРАЛ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап іске қосылған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Жаңақала ауданы, Мастексай ауылында дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді.  

БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы ауданы 449 шаршы метр болатын медициналық нысанда тәулігіне 35 адам тиісті ем-шара процедураларын ала алады. Ғимаратта қабылдау бөлмесі, физиотерапия бөлмесі, ЛФК, емдеу бөлмесі, вакцинация кабинеті, жеке қорғаныс құралдарын ауыстыруға арналған бөлмелер, изоляциялық палата, акушерлер кабинеті және дәріхана орналасқан. Дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Медицина нысанының ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдарымызды дамытуға барынша мән берілуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облысымызда 2023 жылдан бері 36 нысан іске қосылды. Бұның бәрі – бірінші кезекте тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында атқарылып отырған жұмыстар, – деп атап өтті БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Ауыл тұрғындары өз кезегінде мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстар үшін алғыстарын білдірді. 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

- Ауылымызда заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген дәрігерлік амбулаторияның ашылғанына қуаныштымыз. Енді медициналық көмекті алысқа бармай, ауылдан аламыз. Бұл Президентіміздің ауыл тұрғындарына, қарапайым халыққа барынша көрсетіп отырған қолдауы, – деді денсаулық саласының ардагері Райса Дүйсенғалиева.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Дәрігерлік амбулатория халықтың денсаулығын жақсартып, сапалы медициналық көмек көрсету үшін қолдау болмақ. 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар