Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы неге жауапқа тартылмайды – депутат

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Міндетті медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысын жемқорлыққа жол ашатын шешімдер қабылдағаны үшін жауапқа тартуды ұсынды.

Мурат Абенов
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Депутат Б.Базарбек жақында екі деректі келтірді. Астанадағы бір емхана өзі көрсете алмайтын қызмет ақысына деп 190 млн теңге алса, екінші емхана 218 млн теңге алған. Ол үшін аталған кәсіпорындарға «жеңіл заңсыздық» шарасы қабылданған. Ал алған ақшасын әлі қайтармаған, өздерінде. 

Біреу заң бұзса, ақшасын қайтарып береді, екіншілері қайтармайды. Бұл қалай? Басқа салада мұндай әрекеттер ұрлық, қылмыс болып есептеледі. Неліктен осындай фактілерге жол бергендер әлі қамауға алынбаған, емханалар неге әлі қызмет көрсетіп отыр? Ал соны ашып айтқан депутатқа қоғамдық қысым жасалады.

Актілерге қол қойған қордың бұрынғы басшысы жай ғана қызметінен кетті. Неге жауапқа тартылмайды? Не істемексіз, — деп сұрады депутат Мәжілістің жалпы отырысында.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жоғары аудиторлық қорының қорытындысында көрсетілген кмешіліктер бірдіндеп жойылып жатқанын мәлім етті.

— Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарына келсек, негізсіз бөлінген қаражатты өтеу кестесі қойылды. Ұйымдар тарапынан қаражат ішінара өтеледі. Аудиторлық палата ұсынымы бойынша 1390 медициналық ұйымның жұмысына мониторинг жүргізілді. Оның ішінде медициналық бақылау комитетіне заңсыздық анықталған 160-қа жуық ұйымның үстінен лицензиясын қайтарып алу сияқты шаралар қабылдау үшін жолданды, — деді ведомство басшысы.

Бұған дейін тағы бір Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов былтыр елдің денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттен шамамен 500 млрд теңге кем алғанын мәлім еткен еді. 

Соңғы жаңалықтар